01info.kz- ақпараттық портал

Адамды шаршатпайтын алғашқы кибер-аяқ киім шықты

фото: championat.com
0 2

Бұл аяқ киім болашақ туралы фильмдердің реквизитіне ұқсайды. АҚШ-та Dephy Sidekick деп аталатын ерекше кибер-кроссовкалар жасап шығарылды. Олар адамның ұзағырақ әрі жылдамырақ жүруіне мүмкіндік береді, сонымен қатар аяқтың шаршауын едәуір азайтады.

Аяқ киімнің негізі — қарапайым кроссовка, бірақ ол тобыққа бекітілетін арнайы экзоскелетпен толықтырылған. Олар бірлесе отырып, адамның балтыр бұлшықетіне қосымша көмекші ретінде қызмет атқарады және аяққа түсетін салмақты айтарлықтай жеңілдетеді.

Кибер-кроссовкаларды қазірдің өзінде сатып алуға болады. Құрылғының құны — $ 4 500 (қазіргі бағаммен шамамен 2,2 млн теңгеден астам).

Сарапшылардың болжамынша, басқа компаниялардың осындай аяқ киімдері тек бірнеше жылдан кейін ғана таныстырылмақ. Мысалы, Nike компаниясы осыған ұқсас модельді тек 2028 жылы шығаруды жоспарлап отыр.

Дереккөз: championat.com

Leave A Reply

Your email address will not be published.