«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарын ілгерілету мақсатында мектептер үшін арнайы заманауи брендбук пен бірыңғай дизайн-код әзірленді. Бұл құжатта білім беру ұйымдарының ішкі кеңістігін безендіруге арналған шығармашылық стильдер, түстер палитрасы мен пән кабинеттерінің ерекшеліктеріне сай макеттер ұсынылған.
Қазіргі уақытта еліміздің 530 мектебінде бұл стильді енгізу жоспарланып, оның ішінде 267 білім ошағында безендіру жұмыстары толық аяқталды. Бағдарламаның 6 негізгі құндылығын айшықтайтын бұл дизайн-код алдағы уақытта реновациядан өтетін барлық мектептерге кезең-кезеңімен таратылады.
Сонымен қатар, брендбук динамикалық құжат болғандықтан, ол уақыт өте келе мектептердің қажеттілігіне қарай үнемі жетілдіріліп, толықтырылып отырады.
дереккөз: https://t.me/oqu_agartu