01info.kz- ақпараттық портал

Абай облысында «Достық-2025» байқауының жеңімпаздары марапатталды

0 23

Семейдегі «Ес-Аймақ» рухани орталығында облыстық этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық институттар арасында өткен «Достық-2025» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Салтанатты шараға облыс әкімі, Абай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Берік Уәли, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қоғамдық ұйым жетекшілері қатысты.

«Достық-2025» байқауы азаматтық қоғамды жүйелі түрде жаңғырту, жалпыұлттық құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын қорытындылау мақсатында ұйымдастырылды. Шара өңірдегі этносаралық келісім мен қоғамдық бірлікті нығайтуға бағытталған.

Салтанатты шара барысында сөз сөйлеген аймақ басшысы этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық институттардың ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайту жолындағы еңбегінің ерекше екенін атап өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.