01info.kz- ақпараттық портал

Бокстан халықаралық дода: Қазақстан құрамасы 9 медаль жеңіп алды

фото: Астана әкімдігі баспасөз қызметі
0 21

Болгария астанасы Софияда бокстан дәстүрлі 77-ші халықаралық «Странджа» турнирі өз мәресіне жетті. 31 мемлекеттен 338 былғары қолғап шебері бақ сынаған айтулы додада Қазақстан намысын 39 спортшы қорғады. Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлағандай, елордалық өкіл, әлем чемпионы Валентина Хальзова 75 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, турнирдің қола жүлдегері атанды.

Тәжірибелі спортшымыз жартылай финалда 2025 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, аустралиялық Эмма-Сью Гринтримен кездесіп, тартысты жекпе-жекте 4:1 есебімен есе жіберді. Жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, қоржынға 4 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль салды.

дереккөз: Астана қ. әкімдігі баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.