01info.kz- ақпараттық портал

55 жоба, мыңдаған жұмыс орны: елордада инвестиция легі артуда

0 14

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек елордада іске асып жатқан инвестициялық жобалар туралы Instagram парақшасында бөлісті. Әкімнің айтуынша, қалада жеке инвестиция тарту жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр.

Биыл Астанада жалпы құны 300 млрд теңгені құрайтын 55 жоба жүзеге асуда. Бұл бастамалар өңдеу өнеркәсібі, көлік, логистика және әлеуметтік нысандарды қамтып, 3,6 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Инвестициялық штабтың кезекті отырысында инвесторлардың бірқатар ұсынысын қарадық. Мәселен, олар – акватермальды кешен, көтерме-логистикалық орталық, ЖЭО-ның күлін қайта өңдейтін қондырғы салу. Аталған жобалардың инвестициялық көлемі – 31,5 млрд теңге. Нәтижесінде 400-ден астам жұмыс орны ашылады.

Сонымен бірге көпфункционалды дене шынықтыру-сауықтыру кешені, вакуумдық қан алу жүйелері, мыс кабель, шыныпластик жеңдер және полимер-композиттік жабындар өндірісі бойынша зауыттар ашу мүмкіндігі қарастырылды.

Әкім өз жазбасында инвестициялық штаб отырыстары тұрақты түрде өтіп тұратынын және инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетіліп жатқанын атап өтті.

Дереккөз: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты

Leave A Reply

Your email address will not be published.