01info.kz- ақпараттық портал

Қостанайда құтқарушылар мен әскери қызметкерлер қазақ күресінен өзара мықтыны анықтады

фото: ТЖМ баспасөз қызметі
0 40

Қостанай облысында азаматтық қорғау органдары қызметкерлері арасында қазақ күресінен республикалық турнир өтті. Жарысқа ТЖМ бөлімшелерінен келген 80-нен астам балуан қатысып, 20 құрама команда бақ сынады. Турнир ТЖМ-нің «Batyr team» спорт клубының қолдауымен ұйымдастырылды.

Салтанатты ашылу рәсімінде өңірлік ТЖД бастығының уақытша міндетін атқарушы Назарали Селимов ұлттық спортты дамыту мен қызметкерлер арасындағы бірлікті нығайтудың маңызын атап өтті.

Тартысты белдесулер қорытындысы бойынша:

66 кг:
І орын – Еренғайып Ержан (ҚР ТЖМ №55209 әскери бөлімі)
ІІ орын – Амангелді Нұрбол (Қарағанды облысы)
ІІІ орын – Ізімғалиев Нұрболат (Атырау облысы)

74 кг:
І орын – Жиенбек Қоблан (Қарағанды облысы)
ІІ орын – Атанбеков Нұрсұлтан (ШҚО)
ІІІ орын – Ғилаж Мұхтар (Астана қаласы)

82 кг:
І орын – Қабдығаниев Қазыбек (Қарағанды облысы)
ІІ орын – Аралбек Нұрәли (ШҚО)
ІІІ орын – Әбдікалық Алихан (Ұлытау облысы)

90 кг:
І орын – Мешітбай Берік (Қостанай облысы)
ІІ орын – Қарбозов Сержан (Астана қаласы)
ІІІ орын – Нұрланұлы Әділжан (Жамбыл облысы)

100+ кг:
І орын – Дәрібаев Жасұлан (Абай облысы)
ІІ орын – Қапиятов Еркебұлан (Қостанай облысы)
ІІІ орын – Оралов Ақниет (Қарағанды облысы)

Жалпыкомандалық есепте І орынды Қарағанды облысы иеленсе, ІІ орын – Қостанай облысына, ІІІ орын – Абай облысына бұйырды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталып, турнир ұлттық спортты насихаттауға және ТЖМ қызметкерлерінің кәсіби бірлігін арттыруға үлес қосты.

Дереккөз: ТЖМ

Leave A Reply

Your email address will not be published.