Түркістан қ. Достық үйінде облыстық білім басқармасы мен «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен Түркістан облысының бала құқықтары жөніндегі уәкілінің қатысуымен «Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі өзекті бағыттар» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті, деп хабарлайды 01info.kz.
Іс-шараға облыстық басқармалар, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымдары, азаматтық қоғам өкілдері, БАҚ және аудан-қалалардан тағайындалған балалар омбудсмендері қатысты.
Шара модераторы — облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Қасымбекова болды..
Дөңгелек үстел барысында облыстың бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Егамбердиева, облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрағасы Гүлсара Тоққұлова, блыстық ҚДБ «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Ерназар Баетовтар баяндама жасады.
Сонымен қатар, аудан-қалалардан сайланған балалар омбудсмендері балалардың қауіпсіздігі, құқықтарын қорғау және зорлық-зомбылықтың алдын алу тақырыптарында өз баяндамаларын ұсынды.
Кездесу қорытындысы бойынша балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған ұсыныстар айтылып, белсенді оқушы жастар марапатталды.