Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Төралқа мәжілісінің шешімімен 2026 жылғы Рамазан айына арналған пітір садақасы мен підия мөлшері белгіленді.
-
Пітір садақасы: 735 теңге (еліміз бойынша 2 кг ұнның орташа бағасы негізінде есептелді).
-
Підия мөлшері: 4 000 теңге (бір адамның бір күндік тамағы). Шамасы келмегендер оразаның әр күні үшін пітір құнын берсе болады.
Ауқатты жандар пітірді төмендегі бағалармен де бере алады:
-
Бидай (2 кг): 318 ₸
-
Арпа (4 кг): 514 ₸
-
Мейіз (2 кг): 6 400 ₸
-
Құрма (4 кг): 12 400 ₸
Беру уақыты: Пітір садақасын Рамазан айының бірінші күнінен бастап Айт намазына дейін беруге болады.