«Қазгидромет» РМК синоптиктері ертеңге, яғни 3 қаңтарға арналған болжамын жариялады. Еліміздің бас шаһары Астана қаласы мен Қазақстанның тағы 15 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту күшінде.
Аймақтардағы жағдай:
-
Астана мен Көкшетау: Жолдарда көктайғақ болып, көлік қозғалысына қиындық тудыруы мүмкін.
-
Ақмола облысы: Түнде батыс пен оңтүстікте, ал күндіз облыстың басым бөлігінде қар жауып, боран соғады. Жолдарды мұз басып, тұман түседі.
-
Түркістан облысы: Өңірдің солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аймақтарында қалың тұман күтіледі. Таулы жерлерде желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді.
-
Маңғыстау облысы: Батыс, солтүстік және орталық аудандарда тұман түсіп, көктайғақ болады.
-
Ақтөбе облысы: Түнде және күндіз қар жаууы ықтимал. Шығыс пен оңтүстікте боран соқса, батыс пен солтүстікте тұман болады. Желдің жылдамдығы 15–18 м/с деңгейінде.
-
Атырау облысы: Солтүстік пен шығыс бөлігінде тұман түсіп, жолдарда көктайғақ қалыптасады.
-
Солтүстік Қазақстан облысы: Оңтүстік, батыс және солтүстік аудандарда көріну деңгейін төмендететін тұман күтіледі.
-
Батыс Қазақстан облысы: Күндіз солтүстік-батыста аздаған қар мен боран күтіледі. Солтүстік, шығыс және оңтүстік аймақтарда тұман түсіп, жел 15–20 м/с жылдамдықпен күшейеді.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты жолға шыққанда сақ болып, техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынамыз.