Бектенов Ресей мен Қазақстан арасында мәдени-гуманитарлық салаларда мазмұнды іс-шаралар көбейіп жатқанын айтты.
Елдерімізде мәдени күндердің өзара өткізілуі маңызды оқиға болды. «Орыс маусымдары» мәдени жобасы мен «Үлкен гастрольдер» бағдарламасы сәтті жүзеге асырылды. Соңғы уақыттағы айтулы іс-шаралар қатарында Қазанда қазақ поэзиясының классигі Абай Құнанбайұлының бюстінің ашылуын және Мәскеудегі Үлкен театрда «Абай» операсының қойылымын атап өтуге болады, — дейді Олжас Абайұлы.